Ваш браузер устарел. Рекомендуем обновить его до последней версии.

Айкидо – ЖАН мен ТӘННІҢ ҮИЛЕСІМІ  (статья на русском)

 

Жапонияның еңжасәрі қызық күрес өнерінің бірі- айкидо. Бүл күрес атауы 3 буынға бөлінгендегі мағынадан тұрады: «Ай»-үйлесім, «Ки»- күш, «До»- сапар- ең басты мақсаты да осы, барлығы қосылып «Жан үйлесімі мен тыныштығына сапар шегу»дегенді білдіреді.

 Мүндай жолға қадам басып, сапарын осы уақытқа дейін жалғастырып келе жатқан, таяуда ғана Жапония мемлекетінен келген, Семей қаласының нәзік жандарының бірі Зухра Садықова.

 Жапония, әлемге самурай сарбаздарымен, хас сұлу- гейшаларымен, көз жауын алар кимонолары, укие-э өнертапқыштығымен, кабуки театрымен, бонсай ағашын өсіруімен танылған таңғажайып мемлекет.Бүл Зухраны бала кезінен қызықтырған.Жапон өнерімен алғашқы таныстық, 10- 15 жыл бүрын жас өспірімдер арасындағы жапондық аниме (мултьсериал) танымалдылығынан бастау алған еді. Зухраның да бүл қызығушылықтан қалыс қалғаны емес, керісінше жапон тілі мен күрес өнерін және де жапон халқының салт- дәстүрлерін үйренуге ынта- жігері зор болды. 15 жасында ол «Хиросима-Семипалатинск» бағдарламасы аясында тегін жапон тілін үйрене бастағанды.

 Ал жарты жылдан кейін, айкидо мектебіне келді. Бұл мектепоның өмірінде ерекше орынға ие.

 Мен алғаш рет айкидо мектебіне келгенде,-деп өз таңданысы мен қызығушылығын сөз еткен Зухра,- ҚР-ның Тәуелсіздік Күні мен айкидоның негізін қалаушы Марихэя Уэсиба күніне орай өткізіліп жатқан, ересек топтың жаттығуларына тап болдым. Олардың аяқтағаннан кейін, біздің жаттығулар басталды. Жаттығу кезінде қүлаудың тәсілдері мен камаэ - негізгі әдісін үйрету-таны- стыру жаттығулары болды. Алғашқы жаттығулардан бастап, оның жан дүниемнің маңызды бөлігі екенін түсіндім, өмірімді енді ай- кидосыз елестете алмаймын!

 Үлкен еңбек пен қажырлы жаттығулардың және шексіз мақсатына жетуінің арқасында, 10 жыл өткеннен кейін, Зухра Жапонияға, Тсунео Андо мектебіне барды. Бүл Жапониядағы ең жоғарғы көрсеткіші бар шебер, бірден әрі бірегей адамдардың бірі Годзо Сиодының Есинкан айкидо мектебінің негізін қалаған адамныңшәкіртіболған. Бұл мектепте ол 1дан атағы негізінде қара белбеуді қорғап шықты.

 -Мен Жапонияда 3 ай болдым. Алғашқы айында мені барлығы жапон қызы деп ойлайтын, әрі жапон тілінде олармен деңгейлес сөйлейтінмін- деп (жымиып)еске алады Зухра. Біз 2қабатты рю додзеде тұрдық: 1 қабатында жаттығуға арналған залдар, ал 2 қабаттажатын бөлмелер. Азанда 4:30 тұрып, сағат бесте сен сейді қарсы алып, сәлемдесу рәсімін өткіземіз. Сағат алтыда ең бірінші жаттығулар басталатын. Одан кейін жаттықтырушымен таңғы ас ішіп, 9:30-да келесі жаттығулар басталатынды. Күніне 4 жаттығудан болатын. Әр жаттығу 1 сағатқа созьілып, ол аяқталғаннан кейін барлығымыз бірігіп, залдың еденін жуып, тазалап кететінбіз. Жаттығулармен қатар, медитация мен каллиграфиялық сабақтарда тәжірибе жасадық. Бүл айкидоның маңызды құрылымдарыныңбірі, айкидода ең бастысы жан дүниенің үйлесімі, өзіңді-өзің, әлемді түсіну болып табылады.

 Жапонияға барар кезде мен көк түстегі белбеуде болдым. Ал Жапонияда ересектер тобы түрлі- түсті белбеуді кимейді екен. Сол себепті маған ақ түсті белбеу киілді.Үш ай көлемінде мен жоғарғы дәрежедегі жаттығуларды жасап, шеберлігімді көрсеттім. Бұл ретте үлкен алғысымды өзімнің сенсейлерім(ұстаздарым): Нұрманов Серік Сермұхамбетұлы мен Мұхамадиева Сұлушаш Арғынқызына айтамын.

 Айкидо өте жас күрес өнерінің бірі. Ол 1920 О-сэнсэй Морихэй Уэсибоның күрес өнерін зерттеу , философия мен діни көзқарас негізімен құрылғанды. Есинкан түрі .жапондық Годзо Сиодо шеберінің оқушысы, Морихэя Уэсибаның қолдауымен дүниеге келген. Зухра мен оның жаттықтырушылары жаттыққан мектепті.Годзо Сиода оқушысы-Тсунео Андо- Ёсинкан Айкидо Рю Хомбу додзё құрды.

 Серік Нұрманов пен Сүлушаш Мұхамадиева осы жазда бір ай көлеміндегі уақытты Жапонияда өткізді. Олардың да жаттығулары Зухра өткен додзеда (мектепте)- болды.Бірақ олардың бағдарламалары- ташуку- ең қиын бағдарламалардың бірі еді. Бұл бағдарлама негізінде 84 сағат жаттығулармен, бір жыл көлеміндегі кәдімгі тәртіптегі жаттығулар еді. Емтихан тапсырғаннан кейін Сұлушаш Мұхамадиева ұстаз атағы мен 1 дан дәрежесі бойынша қара белбеуге ие болды.

 Семей қаласындағы Серік Нұрмановтың басқармасымен жұмыс жасап жатқан Айкидо орталығы Токио қаласының International Yoshinkan Aikido Federation (IYAF) мүшелерінің шешімі бойынша теңқұқылы орталық болып есептеледі.Қазақстан бойынша Серік Нүрманов алғашқы жоғарғы дәрежелі шебер, қоржыны бес данға толы қара белбеу иесі.

 Семей қаласының Айкидо мектебінің басқа республика көлеміндегі мектептерден ерекшелігі- айкидо дәстүрлірінің сақталуымен қатар, оқушыларының тек қана физикалық тұрғыдағы күшінің дамуын ғана емес, сонымен қатар, ішкі дүниесінің мықты болуын қадағалау.

 Бүгінгі таңда, өмірімізде келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Қауіп-қатер тек қараңғы өткелдер мен көшелерде ғана емес және тек адамдардың қатысуымен бола бермейді-дейді Серік Нүрманов. Мен өзі басым айкидоның адамның сана-сезімі мен ішкі ойлау түйсіктерін дамытуға үлкен әсерін тигізетінін сөзсіз білемін. Айкидо әлеміне қанық болған адам, алдын ала қауіпті сезетін жерлерге бармайды, көліктерге отырмайды да. Ал егер тәртіпсіздіктен аулақ бола алмаған жағдайда, өзін-өзі қорғау мақсатында айкидо шеберлігін көрсету- өз өмірінді сақтап қалумен тең. Айкидонын есинкан түрімен айналысу ерте де кеш те емес. Жапонияда ба- лалардың жаттығулары 2 жастан басталады.Олар балалардың ерте уақыттан бастап қиындықтарға төзе білуімен байланыстырады. Ал біздің балаларға ерте кезден жаттығуларға келуге не кедергі екен? Мүмкін айкидо мектебіне балаңызды берген жағдайда, сіз оның жарқын болашағын, денсаулығы мен мінезін мықты етіп қалыптастыра аларсыз. Өмірдің алма кезек екені бәріне аян, мүмкін айкидоның арқасында ол өзінің немесе өзгенің өмірін сақтап қалар! Егер сіз балаңыздың ішкі жан дуниесіне жол тапсын десеңіз мына мекен-жай бойынша келіңіз: Найманбаева көшесі 110, 3 қабат(Рахат сауда үйініңартында) немесе хабарләсыңыз: 8(7222)56 34 71, 8(777) 267 64 87,8(705)187 90 13.

 

 

Алтай № 7 (140)